» Материалы за Ноябрь 2015 года

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

XXI Ғасыр көшбасшысы

Автор: admin от 7-11-2015, 21:30, посмотрело: 780

0

«XXI Ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы

 XXI Ғасыр көшбасшысы

 

2015 ж. 30 қазандаАлматы қаласының Әуезов ауданына қарасты №119 Мектеп-лицейінде биология және география пәндерінің сертификатталған  мұғалімдері Сейтова Гулғайша мен Ажакова Әселжаратылыстану ғылыми пәндер онкүндігіне орай жаратылыстану  пәндерін оқытуда ғылыми тұрғыдан негіздеп, сын тұрғыдан ойлауды дамыту арқылы оқу үдерісін жетілдіру, дарынды баланы анықтау, білігін қалыптастыру және оны дамыту үшін қажетті жағдайлар туғызу, білімдерін көтеру, танымдық деңгейін, белсенділіктерін арттыру мақсатында«XXI Ғасыр көшбасшысы» тақырыбында 9 сынып оқушыларының арасында зияткерлік сайыс ұйымдастырды.

№175 МГ, №161 МЛ және № 119 МЛ оқушыларының қатысқан сайысқа «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренерлері С.Ж Арзымбетова., К.Е. Баекешева., Ж.К. Мухаметалина және Қоғаммен байланыс және баспа қызметі бөлімінің басшысы, «Алматы ұстазы» республикалық ақпараттық-әдістемелік журналының редакторы Асылбек П.Ө.әділқазылар алқасының құрамында болды.  Іс-шаранымектеп-лицейдің директоры Жұмағалиев Мерейхан Сансызбайұлы салтанатты түрде ашып, ғылыми істер жөніндегі директор орынбасары Закирянова Роза Ашетовна қатысушыларға өздерінің шығармашыл әлеуетін дамытып, көзқарасын қалыптастыру маңызды екендігін айтып, сәттілік тіледі.

Зияткерлік сайыстың алғашқы бөлімі «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болатын «Бәйге» жарысы басталды, онда сұрақтар қойылыпәр дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланды. Сайыс нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел, уәждерді жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір, көзқарастары жүйелі дамыған қазақ, орыс, ағылшын тілдерін өз деңгейінде меңгерумен қатар, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды.

Байқауға қатысушылардың арасынан жинақтаған ұпай санына қарай №175 «Жаңа ғасыр» мектебінің оқушысы Алпер Айша І орынды, №119 мектеп оқушысы Жанатбек Жайна ІІ орынды, №161 мектеп оқушысы Оразов Диас ІІІ орынды иеленді.

XXI Ғасыр көшбасшысы

XXI Ғасыр көшбасшысыXXI Ғасыр көшбасшысы

Категория: Мектеп туралы