Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
 

Кездесулер

Автор: admin от 3-05-2018, 04:21, посмотрело: 127

0

Кездесулер
Кездесулер
Кездесулер

Категория: Мектеп туралы

 

Тәрбие тал бесіктен басталады

Автор: admin от 3-05-2018, 03:47, посмотрело: 77

0

Тәрбие тал бесіктен басталады
Тәрбие тал бесіктен басталады


«Туған тіл- басты байлығым» тақырыбында 5-9-сыныптар аралығында шығармалар байқауы өтті. Аудан оқушылары арасында өткен «Үздік шығармалар» байқауында 7«Ә» оқушысы Оңғарбек Динаның  шығармасы үздік деп танылды.

          1-4-сыныптар арасында «Тілден асқан байлық жоқ» тақырыбында  ән-жыр кеші өтті. Бастауыш сынып оқушылары да белсене ат салысып,ана тіліне деген сүйіспеншіліктерін білдірді.

Тәрбие тал бесіктен басталады
Тәрбие тал бесіктен басталады
Тәрбие тал бесіктен басталады87 жастағы Қонақова Шакен апа


5-9 қыркүйек аралығында «Отбасы күні» мерекесі аясында «Отбасы –бақыт мекені» апталығының жоспары жасалып,4«А» сынып жетекшісі Молдамбаева Салия Кенжебекқызы өнегелі отбасы,өз сыныбының оқушысы Қайырғожа Ерсайынның жанұясын кездесуге шақырды.Кездесуге төрт ұрпақ өкілдері келді. Ерсайынның арғы атасы Қонақов Есқазы әжесі Шакен екеуі жеңіл өнеркәсіп саласында  қызмет еткен,бірнеше орден, медальдің иегері.Сөз арасында атамыз 1975-1979 жылдары Ленинградта оқыған жылдары Әлия Молдағұлованың мұражайының ашылуына белсене араласқан қазақстандық болғандығын сол кездегі Ленинградтық  және қазақстандық басылымдардан шыққан мақалаларынан байқадық. Биыл күзде атамыз бен әжеміздің отау құрғанына 70 жылдығын бүкіл әулеті тойламақшы екен. Одан кейінгі ата-апасы Рахматуллин Қайырғожа мен апасы Қарлығаш мәдениет саласында еңбек еткен Санк Петербург мәдениет институтының түлектері екен.

    Ерсайынның әкесі Рахматуллин Мақсат пен анасы Аяулы да Әл- Фараби атындағы Ұлттық Университетінің магистранты.Оқушымыз Ерсайын мен қарындасы  Назерке екеуі де өнерден құралақан емес.Ерсайын жанды дауыста сахнада ән айтып,Назерке гимнастикалық жаттығу көрсетті.Жалпы мектебімізде  осындай өнегелі отбасылар көп.

Тәрбие тал бесіктен басталады
Тәрбие тал бесіктен басталады
Тәрбие тал бесіктен басталады


Жас ұрпақтың басты мақсаты ешбір зейнеткердің ұмыт қалмауы болып табылады. Ағымдағы жылдың 1 қазанынан 1 қарашаға дейін қаламызда  қарт адамдарды қолдау мақсатында «Қарттарым-асыл қазынам» айлығы жарияланды. Бұл  біздің  қарттарымызға,соғыс ардагерлеріне, еңбек ардагерлеріне, зейнеткерлерге және мүгедек жандарға жан-жақты материалдық көмек пен қолдау көрсету бойынша өткізілетін  дәстүріміз.

«Қарттарым-асыл қазынам» атты концерттік бағдарламамен қазан айында  6  сынып оқушылары  Ардагерлер үйіне концерттік бағдарламамен барды.Мектебіміздегі жас баянистерге  еңбек ардагері      М.Ф. Ковалев жетекшілік етеді

Тәрбие тал бесіктен басталады
Тәрбие тал бесіктен басталады


Халықаралық қыздар күніне арналған республикалық онкүндікте  мектепке ақын, ҚР Мәдениет қайраткері, халықаралық «Алаш» сыйлығының,«Құрмет» орденінің иегері - Ақұштап Бақтыгереева апайымызбен «Ақжайықтың ақ шағаласы» атты кездесу кешін ұйымдастырдық. Ақұштап апайымыз 40 минут бойы өз өлеңдерін жатқа айтты.

Категория: Мектеп туралы

 
 
 

Біздің мектеп

Автор: admin2 от 2-09-2016, 10:08, посмотрело: 751

0

Біздің мектеп

 

Біздің мектеп

 

Біздің мектеп

 

Біздің мектеп

 

Біздің мектеп

 

Біздің мектеп

 

Біздің мектеп

 

Біздің мектеп

 

Біздің мектеп

 

Біздің мектеп

 

Біздің мектеп

 

Біздің мектеп

 

Біздің мектеп

 

Біздің мектеп

 

Біздің мектеп

 

Біздің мектеп

 

Категория: Мектеп туралы

 

1 қыркүйек 2016 жыл 119 мектеп-лицейінде математика және физика пәндері 5-7 сыныптарға ағылшын тілінде жүреді

Автор: admin от 14-03-2016, 13:19, посмотрело: 661

0

XXI ғасыр – білімді, бәсекеге қабілетті, бірнеше тілдерді жетік меңгерген жастардың білек сыбана жұмыс істейтін ғасыры. 
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған «100 нақты қадам» - Қазақстан Республикасының дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі жоспары. 
79-қадам. Білім беру жүйесінде – жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу. Басты мақсаты –даярланатын кадрлардың бәсекелестік қабілетін арттыру және білім беру секторының экспорттық әлеуетін көтеру. 
Қазіргі уақытта Елбасы үштұғырлы тіл саясатын ұсынып отыр: «Қазақстандықтар қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуі тиіс. Бұл жерде, мемлекеттік тіл – барлығымыз тұрып жатқан халықтың тілі. Сондықтан да біз балаларымызды мектеп қабырғасынан бастап оқытамыз және болашақта осы білімді талап етеміз. Ағылшын тілін жетік меңгеруіміз абзал, өйткені ол – ғылым мен инновациялар тілі. Өзіміз күнделікті сөйлеп жүрген, бір-бірімізді түсінетін, үлкен көршіміздің тілі – орыс тілін де білуіміз керек. Бұл біздің балаларымызға қажет. Сол үшін де, осының бәрі жасалып жатыр» – деді ҚР Президенті. 
Еске түсіре кетсек, Алматыны дамыту туралы және 2017 жылы өтетін 28 дүниежүзілік қысқы Универсиадаға байланысты болған жиында, ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Президент Аппаратурасына «Тілдер туралы» Заңның орындалуын қадағалауын тапсырған. 
Осы үштұғырлы тіл саясатын ҚР Білім және Ғылым Министрі Ерлан Сағадиев те қолдап отыр. Министр ағылшын тілі деңгейінің өте жоғары тұрғанын айтады. Адам баласы өзін «білімдімін» деп сезіну үшін оқылу керек кітаптардың ағылшын тілінде жазылатынын, оны аударатын арнайы апаратқа он мыңнан аса адамның керектігін атап өтті. Яғни, қазіргі басылып жатқан ғылым, білім және жаңа технологиялар жайлы кітаптар тек ағылшын тілінде шығады. Оларды оқу үшін ағылшын тілінің керектігі сөзсіз болып отыр. Сонымен қатар, қазір бір типті мектептер туралы көп айтылып жүр. Ол мектептерде барлық техникалық, жаратылыстану бағытындағы сабақтар ағылшын тілінде; Қазақстан тарихы мен мәдениеті қазақ тілінде; дүниежүзі тарихы орыс тілінде өтілуі керек. Ағылшын тілін оқу тек қана ғылым,білімді түсіндіріп қана қоймай, осымен қатар, сол елдің азаматымен еркін пікір алмасуына, сол тілдің мәдениетін білуіне үлкен септігін тигізеді. Ендігі алдыға қойылатын мақсат – мәдениетаралық қарым-қатынас субъектісін дайындау болып табылады. 
Ғылым және білім вице-министрі Такир Балықбаев ҰБТ-ның міндетті пәндер қатарына ағылшын тілінің қосылатындығын мәлім етті. Бұл ағылшын тіліне деген назардың толықтай аударылғанын көрсетеді. 
Елбасы ұсынған «100 нақты қадамның» 79 қадамын негізге ала отырып, Алматы қаласы, №119 мектеп-лицейі биылғы жылдың қаңтар айынан бастап үлкен тәжірибе жүргізу үстінде. Ол тәжірибеге, Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетінің педагогика және филология факультеттерінің 4-курста оқитын 16 студенті алынды. Тәжірибе мақсаты – қаңтар-наурыз айлары арасында 5- 7 сыныптарға математика, физика, биология және география пәндерін ағылшын тілінде жүргізу. Қазіргі уақытта барлық терминдер аударылып, ағылшын тілінде материал енгізілуде. Жоспар бойынша, сәуір айында оқушыларға жоғарыда аталған пәндер тек ағылшын тілінде өтілуі тиіс. Бұл тәжірибе ата-аналар, ұстаздар тарапынан үлкен қолдау тапты. Қазіргі уақытта жан-жақтан интенсивті жұмыс жасалуда. Оқушылар жаратылыстану бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқуға энтузиазмды көзқараста. «Көз қорқақ, қол батыр» дегендей, біріге істелген жұмыстың өнімі де берекелі болатынына сенімдіміз!

 

Категория: Мектеп туралы

 

100 нақты қадам

Автор: admin от 14-03-2016, 13:16, посмотрело: 648

0

100 нақты қадам
100 нақты қадам
100 нақты қадам
100 нақты қадам

Категория: Мектеп туралы

 

Олимпиада нәтижесі

Автор: admin от 13-03-2016, 03:18, посмотрело: 696

0

"ALPHA MATH" I-қалалық математика пәнінен 5-сыныптарға арналған олимпиадасы нәтижелері:  Dle Engine 10.1ALPHA-MATH-I-alaly-matematika-pnnen-5-synyptara-arnalan-olimpiadasy.pdf [363,91 Kb] (cкачиваний: 416)

Егер қорытынды нәтижелерімен келіспесеңіз 13.03.2016 жылы 9:00ден 11:00ге дейін апелляцияға берсеңіз болады. Апелляция 119 мектеп-лицей қабырғасында өтеді. Адрес: Алматы қаласы 8 ықшам-ауданы 45 үй.

Категория: Мектеп туралы

 

''ALPHA MATH'' қалалық олимпиадасы

Автор: admin от 12-03-2016, 22:00, посмотрело: 727

0

12 наурыз 2016 жылы 119 мектеп-лицей қабырғасында "Дарын" Республикалык ғылыми-практикалық орталығы мен "Казахстанская ассоциация учителей математики" Республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен "ALPHA MATH" I-қалалық математика пәнінен 5-сыныптарға арналған олимпиадасы өтті.

Олимпиадаға 264 оқушы 12 мектептен қатысты. 

Олимпиада нәтижесі 13 наурыз 2016 жылы 8:00ге дейін белгілі болады.

Апелляция жұмыстары 13 наурыз 2016 жылы 9:00ден 11:00ге дейін жүреді.

Марапаттау рәсімі 13 наурыз 2016 жылы 13:00де 119 мектеп-лицейінің қабырғасында өтеді.

Олимпиада қатысушыларына және жеңімпаздарына "Казахстанская ассоциация учителей математики" Республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 2016 жылы 25-31 наурыз аралығында "ALPHA Көктем" лагеріне жеңілдіктер алады. Сұрақтар бойынша +7747 777 86 64 нөмірі бойынша хабарлассаңыздар болады.

''ALPHA MATH'' қалалық олимпиадасы
''ALPHA MATH'' қалалық олимпиадасы
''ALPHA MATH'' қалалық олимпиадасы
''ALPHA MATH'' қалалық олимпиадасы
''ALPHA MATH'' қалалық олимпиадасы
''ALPHA MATH'' қалалық олимпиадасы
''ALPHA MATH'' қалалық олимпиадасы
''ALPHA MATH'' қалалық олимпиадасы
''ALPHA MATH'' қалалық олимпиадасы

Категория: Мектеп туралы

 
Назад Вперед