1 қыркүйек 2016 жыл 119 мектеп-лицейінде математика және физика пәндері 5-7 сыныптарға ағылшын тілінде жүреді » Школа №119 г.Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 249-05-77
Есепші бөлімі:
+7(727) 249-05-77
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 қыркүйек 2016 жыл 119 мектеп-лицейінде математика және физика пәндері 5-7 сыныптарға ағылшын тілінде жүреді
14
март
2016

1 қыркүйек 2016 жыл 119 мектеп-лицейінде математика және физика пәндері 5-7 сыныптарға ағылшын тілінде жүреді

XXI ғасыр – білімді, бәсекеге қабілетті, бірнеше тілдерді жетік меңгерген жастардың білек сыбана жұмыс істейтін ғасыры. 
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған «100 нақты қадам» - Қазақстан Республикасының дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі жоспары. 
79-қадам. Білім беру жүйесінде – жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу. Басты мақсаты –даярланатын кадрлардың бәсекелестік қабілетін арттыру және білім беру секторының экспорттық әлеуетін көтеру. 
Қазіргі уақытта Елбасы үштұғырлы тіл саясатын ұсынып отыр: «Қазақстандықтар қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуі тиіс. Бұл жерде, мемлекеттік тіл – барлығымыз тұрып жатқан халықтың тілі. Сондықтан да біз балаларымызды мектеп қабырғасынан бастап оқытамыз және болашақта осы білімді талап етеміз. Ағылшын тілін жетік меңгеруіміз абзал, өйткені ол – ғылым мен инновациялар тілі. Өзіміз күнделікті сөйлеп жүрген, бір-бірімізді түсінетін, үлкен көршіміздің тілі – орыс тілін де білуіміз керек. Бұл біздің балаларымызға қажет. Сол үшін де, осының бәрі жасалып жатыр» – деді ҚР Президенті. 
Еске түсіре кетсек, Алматыны дамыту туралы және 2017 жылы өтетін 28 дүниежүзілік қысқы Универсиадаға байланысты болған жиында, ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Президент Аппаратурасына «Тілдер туралы» Заңның орындалуын қадағалауын тапсырған. 
Осы үштұғырлы тіл саясатын ҚР Білім және Ғылым Министрі Ерлан Сағадиев те қолдап отыр. Министр ағылшын тілі деңгейінің өте жоғары тұрғанын айтады. Адам баласы өзін «білімдімін» деп сезіну үшін оқылу керек кітаптардың ағылшын тілінде жазылатынын, оны аударатын арнайы апаратқа он мыңнан аса адамның керектігін атап өтті. Яғни, қазіргі басылып жатқан ғылым, білім және жаңа технологиялар жайлы кітаптар тек ағылшын тілінде шығады. Оларды оқу үшін ағылшын тілінің керектігі сөзсіз болып отыр. Сонымен қатар, қазір бір типті мектептер туралы көп айтылып жүр. Ол мектептерде барлық техникалық, жаратылыстану бағытындағы сабақтар ағылшын тілінде; Қазақстан тарихы мен мәдениеті қазақ тілінде; дүниежүзі тарихы орыс тілінде өтілуі керек. Ағылшын тілін оқу тек қана ғылым,білімді түсіндіріп қана қоймай, осымен қатар, сол елдің азаматымен еркін пікір алмасуына, сол тілдің мәдениетін білуіне үлкен септігін тигізеді. Ендігі алдыға қойылатын мақсат – мәдениетаралық қарым-қатынас субъектісін дайындау болып табылады. 
Ғылым және білім вице-министрі Такир Балықбаев ҰБТ-ның міндетті пәндер қатарына ағылшын тілінің қосылатындығын мәлім етті. Бұл ағылшын тіліне деген назардың толықтай аударылғанын көрсетеді. 
Елбасы ұсынған «100 нақты қадамның» 79 қадамын негізге ала отырып, Алматы қаласы, №119 мектеп-лицейі биылғы жылдың қаңтар айынан бастап үлкен тәжірибе жүргізу үстінде. Ол тәжірибеге, Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетінің педагогика және филология факультеттерінің 4-курста оқитын 16 студенті алынды. Тәжірибе мақсаты – қаңтар-наурыз айлары арасында 5- 7 сыныптарға математика, физика, биология және география пәндерін ағылшын тілінде жүргізу. Қазіргі уақытта барлық терминдер аударылып, ағылшын тілінде материал енгізілуде. Жоспар бойынша, сәуір айында оқушыларға жоғарыда аталған пәндер тек ағылшын тілінде өтілуі тиіс. Бұл тәжірибе ата-аналар, ұстаздар тарапынан үлкен қолдау тапты. Қазіргі уақытта жан-жақтан интенсивті жұмыс жасалуда. Оқушылар жаратылыстану бағытындағы пәндерді ағылшын тілінде оқуға энтузиазмды көзқараста. «Көз қорқақ, қол батыр» дегендей, біріге істелген жұмыстың өнімі де берекелі болатынына сенімдіміз!

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: