Іс-шаралар » Страница 14 » Школа №119 г.Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 249-05-77
Есепші бөлімі:
+7(727) 249-05-77
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Адалдық-ардын ісі" тақырыбында сыныптан тыс іс-шара
24
апрель
2021
"Адалдық-ардын ісі" тақырыбында сыныптан тыс іс-шара
2021 жылдың 24 сәуір күні мектеп аға тәлімгері А.Б Бахтиярованың ұйымдастыруымен "Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубы мүшелері және 9-10 сынып оқушыларымен сыбайлас жемқорлықты алдын алу мақсатында "Адалдық-ардың ісі" тақырыбында ZOOM платформасы арқылы сыныптан тыс іс шара өтті. Іс шара барысында оқушыларға адалдық жайлы бейнероликтер көрсетіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жиын соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.А Арынбекова оқушыларды әділдікке, адал болуға шақырды.
«Бірлігі жарасқан ел» тәрбие сағаты
23
апрель
2021
«Бірлігі жарасқан ел» тәрбие сағаты
2021  жылдың 23 сәуір күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  30 жылдығына орай,  6 «б» сынып жетекшісі Ж.О Ромбаева оқушыларымен 1 мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күніне байланысты «Бірлігі жарасқан ел» тақырыбында тәрбие сағатын өтті. Мақсаты: Оқушылардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығымен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
«АИТВ және оның алдын алу шаралары» тақырыбында онлайн конференция
23
апрель
2021
«АИТВ және оның алдын алу шаралары» тақырыбында онлайн конференция
2021 жылды ң 23 сәуір күні Алматы қ. ЖИТС-пен күресу орталығының әлеуметтік дәрігері Үсенқұл Мадина Мешірқызының ұйымдастыруымен «АИТВ және оның алдын алу шаралары» тақырыбында жоғарғы сынып оқушыларымен онлайн конференция өтті.
Ағылшын пәнінен "Clothes" тақырыбында ашық сабақ
22
апрель
2021
Ағылшын пәнінен "Clothes" тақырыбында ашық сабақ
2021 жылдың 22 сәуір күні Қоғамдық-гумантирлық пәндер бірлестігінің "Тіл-тарих тереңіне бойлатып, өнер бұлағына сусындайтын рухани әлеміміздің сарқылмас бұлағы" атты онкүндігінің аясында ағылшын пәні мұғалімі А.А. Айдаркулова "Clothes" тақырыбында 2 "в" сыныбымен ашық сабақ өтті.
"Туған өлкем-Қазақстан!" сурет көрмесі
22
апрель
2021
"Туған өлкем-Қазақстан!" сурет көрмесі
2021 жылдың 22 сәуір күні Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, "Туған өлкем-Қазақстан" тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды.
«Суда өзін-өзі ұстау мәдениетін жетілдіру» тақырыбында тәрбие сағаты
20
апрель
2021
«Суда өзін-өзі ұстау мәдениетін жетілдіру» тақырыбында тәрбие сағаты
2021 жылдың 20 сәуір №119 мектеп – лицейінің 4-7 сынып оқушыларының сынып жетекшілері «Суда өзін-өзі ұстау мәдениетін жетілдіру» тақырыбына сәйкес, онлайн түрде «Судағы қауіпсіздік», «Судың адам өміріне пайдасы», «Су қоймаларындағы қауіпсіздік», «Жазғы уақытта суда өзіңді қалай ұстау қажет» тақырыптарында сынып тәрбие сағаттары өткізді.
"Мен және интернет"
17
апрель
2021
"Мен және интернет"
2021 жылдың 13-17 сәуір күндері аралығында мектеп психологы Б.А. Салықжанова 5-6 сынып оқушыларымен "Мен және интернет" тақырыбында баяндама жүргізді. Мақсаты:  Оқушылардың желідегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Әлихан Бөкейхановтың  туғанына 155 жыл
16
апрель
2021
Әлихан Бөкейхановтың туғанына 155 жыл
2021 жылдың 16 сәуір күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай  тарих пәні мұғалімі С.Е.Абиыр Әлихан Бөкейханның 155 жылдығына байланысты сынып тәрбие сағатын өтті. Мақсаты: Алаш партиясының бірінші төрағасы Әлихан Бөкейханов туралы жан – жақты түсінік бере отырып, Ә. Бөкейхановтың қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі туралы мағлұмат беру.
"Қауіпсіз интернет" тәрбие сағаты
16
апрель
2021
"Қауіпсіз интернет" тәрбие сағаты
2020 жылдың 16 сәуір күні «Қауіпсіз интернет» тақырыбында кезекші сынып оқушыларымен санитарлық нормаларды сақтай отырып, тәрбие сағаты өтілді. Тәрбие сағаты барысында, информатика пәні мұғалімі Ә.М. Иемберген   оқушыларға ғаламтордың негізгі пайдасы мен зиянын түсіндіріп және түрлі  әдіс тәсілдер арқылы оқушылар өз ойларын айтып қызығушылық танытты. Мақсаты: Бүкіләлемдік интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, интернетті тиімді пайдалану, зиянды сайттардан сақ болу.