Алматы қаласы Білім басқармасының
«№119 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 249-05-77
Есепші бөлімі:
+7(727) 249-05-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Қауіпсіз интернет" тәрбие сағаты
16
апрель
2021
"Қауіпсіз интернет" тәрбие сағаты
2020 жылдың 16 сәуір күні «Қауіпсіз интернет» тақырыбында кезекші сынып оқушыларымен санитарлық нормаларды сақтай отырып, тәрбие сағаты өтілді. Тәрбие сағаты барысында, информатика пәні мұғалімі Ә.М. Иемберген   оқушыларға ғаламтордың негізгі пайдасы мен зиянын түсіндіріп және түрлі  әдіс тәсілдер арқылы оқушылар өз ойларын айтып қызығушылық танытты. Мақсаты: Бүкіләлемдік интернетке байланысты оқушылардың білімдерін нығайту, интернетті тиімді пайдалану, зиянды сайттардан сақ болу.
12 сәуір - Ғарышкерлер күні
12
апрель
2021
12 сәуір - Ғарышкерлер күні
12 сәуір- Ғарышкерлер күніне орай сурет көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге 3-сынып оқушылары қатысты. Мақсаты: Жас ұрпақтың патриоттык, отаншылдық сезімін оята отырып, елiн, жерiн, сүюге, курметтеуге тәрбиелеу, ғарышкерлерге деген құрмет сезiмге баулу.
Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Көкенов Жеңісбек Әуелжанұлы «Қазақстанның білім беру саласының үздігі» атты төсбелгісімен марапатталды.
09
апрель
2021
Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Көкенов Жеңісбек Әуелжанұлы
№119 мектеп-лицейінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі Көкенов Жеңісбек Әуелжанұлы «Қазақстанның білім беру саласының үздігі» атты төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар; рухани жаңғыру» атты бағдарламалық   мақаласын педагогтер арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Үздік ашық сабақ-2020» атты Республикалық байқауға қатысып жеңімпаз атанды және Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай  ұйымдастырылған  Қазақстан Республикасы
7 сәуір-Дүниежүзілік деңсаулық күні
07
апрель
2021
7 сәуір-Дүниежүзілік деңсаулық күні
2021 жылдың 7 сәуір күні №119 мектеп-лицей спорт залында санитарлық нормаларды сақтай отырып,  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жыл толуына орай , 7 сәуір-Дүниежүзілік деңсаулық күніне байланысты  кезекші 3-сынып оқушылары арасында     « Спорт-деңсаулық кепілі» атты көңілді мәре жарысы өтті.
4-сәуір Геолог күні
05
апрель
2021
4-сәуір Геолог күні
2021 жылды ң 3 сәуір күні Геологтар күніне орай, география пәні мұғалімі  М.С. Рабатқызы 6-сынып оқушыларына онлайн түрде дәріс оқыды. Мақсаты: Геология жер туралы алғашқы ғылым және «жерді зерттеу» деген ұғымының  қалыптасуы. Геология ғылымының  дамуына үлес қосқан ғалымдар туралы мағлұмат алу.
2-сәуір "Халықаралық балалар кітабі" күні
02
апрель
2021
2-сәуір "Халықаралық балалар кітабі" күні
2021 жылдың 2 сәуір күні №119 мектеп-лицей кітапханасында «Халықаралық балалар кітабы» күніне орай, кітапханашы А.У.  Алшынбекова   кезекші  бастауыш және 5-сынып оқушыларына әдеби және балалар кітаптарымен таныстыру жұмысын жүргізді. Мақсаты: Кітаптың адам өміріндегі маңызды ғылым мен білімнің пайдасы жайлы ұғындыру.
№4 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС
30
март
2021
№4 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС
2021 жылды ң 30 наурыз күні  Zoom   платформасы ар қ ылы  №4 педагогикалық кеңес өтті. Тақырыбы: Мектекп-лицейдің тәрбие кеңістігінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасына енгізілген адамгершілік құндылықтарды қалыптастырушы рөлі. Күн тәртібінде қаралған мәселелер: Педогогикалық кеңестің хатшысын сайлау ІІІ тоқсанның қорытындысы бойынша білім алушылардың үлгерімі мен білім сапасы Қозғалыс есебі Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастыру Отбасы және мектеп тәрбиелеудегі серіктестер
"Наурыз-2021" жарысы
19
март
2021
"Наурыз-2021" жарысы
2021 жылды ң 19 наурыз күні,22-наурыз Ұлыстың ұлы күніне орай  №119 мектеп-лицей спорт залында қазақтың ұлттық ойындарынан жарыс өтті. Жарысқа   7-сынып оқушылары  қатысып, ойын тартысты өтті.
«Ең жақын досым - Кітап»
18
март
2021
«Ең жақын досым - Кітап»
«Кітап - білім бұлағы,  Білім - өмір шырағы»  деп дана халқымыз айтқандай, №119 мектеп-лицейінің 6 – сынып оқушысы Таңнұр Асқардың, жас зиялыларға арналған танымдық «Мөлдір бұлақ» журналына «Ең жақын досым - Кітап» атты мақаласы жарық көрді. Ұстазы: Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Құдайбергенов Дархан Мамытханұлы.