Конкурс кужаттары » Школа №119 г.Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 249-05-77
Есепші бөлімі:
+7(727) 249-05-77
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Конкурс кужаттары
05
июнь
2014

Конкурс кужаттары

«Бекітемін»

Алматы қаласы Білім басқармасының «№119 мектеп-лицей» КММ директоры

______________Тулендиев М.М.

 

Бұйрық №104 04.06.2014 ж.

 

 

Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді әлеуетті өнім берушіні таңдау жөніндегі конкурсық құжаттама

Алматы қаласы Білім басқармасының «№119 мектеп-лицей» КММ оқушылырының тамақтануын ұйымдастыру бойынша әлеуетті өнім берушіні таңдау бойынша конкурс

 

Конкурсты ұйымдастырушы:

Алматы қаласы Білім басқармасының «№119 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Заңды мекенжайы: Алматы қаласы 8 ықшам ауданы45 үй

Нақты мекенжайы: Алматы қаласы 8 ықшам ауданы45 үй

Пошталық мекенжайы: 050035 Қазақстан Алматы қаласыӘуезов ауданы

Банктік деректемелер: ЖСК KZ32070102KSN6001000 ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті БСК KKMFKZ2A Кбе 12

Валюта шоты: тенге

email/school-119@mail.ru

Байланыс телефондары :249-84-96, 249-05-77

 

1. Жалпы ережелер

1. Орта білім беру ұйымында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) алушылардың жалпы саны 853 білім алушыны құрайды, оның ішінде жекелеген санаттағы білім алушылар 379 (350+29).

Білім алушыларды тегін тамақтандыруды ұйымдастыруға бюджет қаражаты есебінен бөлінетін сома 360003015159 -шығыстардың бюджеттік сыныптамасының коды (тауар түрінің коды) бойынша 8544734-00 _теңгені құрайды ҚҚС сыз .

360003015163- шығыстардың бюджеттік сыныптамасының коды (тауар түрінің коды) бойынша -606167-18 теңгені құрайды (қосымша құн салығынсыз, ары қарай ҚҚС)

Бір білім алушыны тамақтандыру құны конкурсты ұйымдастырушы белгілеген құннан аспайды.

2. Осы конкурстық құжаттама мыналарды:

1) осыконкурстыққұжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметтерді алушылар санаттарының тізбесін;

2) осыконкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес техникалық тапсырманы;

3) осыконкурстыққұжаттамаға 3, 4-қосымшаларға сәйкес заңды және жеке тұлғалар үшін конкурсқа қатысуға арналған өтінімді;

4) осыконкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы мәліметтерді;

5) осы конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес неғұрлым сапалы қызмет көрсетуді ұсынатын конкурс жеңімпазын айқындау үшін критерийлер тізбесін қамтиды.

3. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтініммен қоса орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын тегін тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін бюджет қаражаты есебінен бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етуді:

1) конкурсты ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) мынадай банк шотында

_ Банктік деректемелер: ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті Ақшаны уақытша орналастыру қолма-қол ақшасының бақылау шоты ЖСК KZ490705023603947001 БСК KKMFKZ2A Кбе 12

орналастырылған ақшаның кепілдік берілген ақша жарнасы;

2) осыконкурстыққұжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес банктік кепілдік нысанында енгізеді.

 

2. Әлеуетті өнім берушілерді конкурс туралы хабардар ету

 

4. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде, бірақ әлеуетті өнiм берушiлер конкурсқа қатысуға өтiнiмдер беретін соңғы күнге дейін кемiнде күнтiзбелiк жиырма күн қалғанда Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдауқағидаларының2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша интернет-ресурста конкурс туралы хабарландыруды орналастыру арқылы әлеуетті өнім берушілерді хабардар етеді.

5. Конкурстық құжаттаманың көшірмелері интернет-ресурста орналастырылады және ол әлеуетті өнім берушілерге қағаз түрінде беріледі.

6. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурс қатысушыларына конкурстық құжаттаманың қағаз түріндегі көшірмелерін қол қойғызып береді және деректерді конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған тұлғаларды тіркеу журналына енгізеді.

7. Тұлғаларды тіркеу журналында конкурс атауы мен өткізу мерзімі, әлеуетті өнім берушінің не заңды тұлға өкілінің тегі, аты, әкесінің аты, жеке куәлігінің нөмірі, орналасқан жері мен байланыс телефондары, конкурстық құжаттама көшірмесін алу уақыты мен күні көрсетіледі.

8. Тұлғаларды тіркеу журналы тігіледі, беттері нөмірленеді, соңғы парағы конкурсты ұйымдастырушының мөрімен бекітіледі.

 

3. Конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімді ресімдеу

9. Конкурсқа қатысуға өтінім:

1) осы конкурстық құжаттамаға 3, 4-қосымшаларға сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған және әлеуетті өнім берушінің қолы қойылып, мөрімен куәландырылған өтінімді;

2) конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес әлеуетті өнім беруші құжаттарының тізбесін қамтиды:

заңды тұлғалар үшін құқықтық қабілеттілігін (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі немесе анықтама,заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғы көшірмесі), жеке тұлғалар үшін – азаматтық қабілеттілігін (кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжат, жеке куәлігінің көшірмесі) растайтын нотариат куәландырған құжаттар;

осыконкурстыққұжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының банктің (банк филиалының) бірінші басшысының немесе оның орынбасарының қолы қойылып,банк мөрі бар әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі, кредиттік серіктестіктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан көп созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші бірнеше екінші деңгейдегі банктердің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер бар конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдан кешіктірілмей алынуы тиіс;

конкурстық өтінімдер бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кешіктірмей алынған үш айдан астам салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары жәнежинақтаушы зейнетақы қорларына әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екені туралы (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда) салық органы басшысының не орынбасарының қолы қойылып, мөрімен бекітілген не e-gov электрондық үкіметі порталы арқылы алынған салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;

бар болса ҚҚС (қосылған құн салығы) бойынша есепте тұрғаны туралы куәліктің көшірмесі;

осы конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға банктік кепілдік немесе кепілдік берілген ақшалай жарна түрінде өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың түпнұсқасы;

осы конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес көрсетiлетiн қызметтердiң сапалық және сандық сипаттамалары айқындалған техникалық тапсырма. Техникалық тапсырмада міндетті тәртіппен оқушыларды сапалы,теңгерімделген және қауіпсіз тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін талап етілетін перспективалық мәзір көрсетіледі;

осы конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға нысан бойынша қызметкерлердің біліктілігі туралы мәліметтер.

Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен почталық мекен-жайы (егер ол «кешікті» деп жарияланса, конкурсқа қатысуға өтінімді ашпаған күйінде қайтару мақсатында), мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен почталық мекен-жайы, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың дәл атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: «АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ «№119 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ» ОҚУШЫЛАРЫНТАМАҚТАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІН САТЫП АЛУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРС» және «2014 ЖЫЛҒЫ 25 МАУСЫМ 13 САҒАТ 00 МИНУТКЕ ДЕЙІН АШПАҢЫЗ».

 

4. Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тәртібі

10. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурсқа қатысушылар конкурсты ұйымдастырушыға қолма-қол немесе почта байланысын пайдалана отырып: 050036 , Қазақстан ,Алматы қаласы Әуезов ауданы9 ықшам ауданы , 16 үй

Алматы қаласы Білім басқармасының «№119 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі , №36 бөлме, 2 қабат, конкурстық құжаттаманы қабылдауға және тіркеуге жауапты Куспекова Куралай Еркинбековна Сұранымдар жұмыс күндері сағат 10-00 – ден 17-00 дейін 2014 жылғы 25 маусым айын қоса ала отырып , сағат 12-00 дейін қабылданады.

Байланыс телефондары : 8(727) 249-84-96, 249-05-77

11. Конкурстық комиссияның хатшысы өтінімдері бар конверттерді қабылдайды және өтінімдерді тіркеу журналына конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім беруші туралы мәліметтерді енгізеді.

12. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналында өткізу мерзімі туралы, конкурсты ұйымдастырушы, әлеуетті өнім берушіжөнінде мәліметтер, атауы мен почта мекенжайы, ЖСН, жеке куәлігі, өтінімді тіркеу күні мен уақыты көрсетіледі.

Көрсетілген журналға өтінімдерді тіркеуден бас тарту себебін көрсете отырып, әлеуетті өнім берушілер туралымәліметтер енгізіледі.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналы конкурстық құжаттама көшірмелерін алған адамдарды тіркеу журналына ұқсас ресімделеді.

13. Конкурсты ұйымдастырушы бекіткен мерзім өткеннен кейін ұсынылған өтінімдер тіркелуге жатпайды және әлеуетті өнім берушілерге қайтарылады.

 

5. Конкурс өтінімдері бар конверттерді конкурстық комиссияның ашуы

14. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерібар конверттерді ашуды конкурстық құжаттамада конкурсты ұйымдастырушы 25 маусым күні 2014 жылы сағат 13.00-де , Алматы қаласы Әуезов ауданы, 8 ықшам ауданы, 45 үй, Алматы қаласы Білім басқармасының «№119 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі , 2 қабат,36 бөлмеде,конкурстық комиссия мүшелерінің қатысуымен өткізеді.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсіміне қатысып отырған әлеуетті өнім берушілердің уәкілетті өкілдері өздерінің қатысуын растай отырып, олардың өкілеттіктерін растайтын құжаттарды көрсетуге(уәкілетті өкіл әлеуетті өнім берушінің атынан нотариалды расталған сенім хат көрсетуі тиіс) және әлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналына сағат 12:00 бастап тіркелуге тиіс (Алматы қ.,Әуезов ауданы, 8 ықшам ауданы,45 үй «№119 мектеп-лицей» ғимараты, 2 қабат, 36 бөлме). Әлеуетті өнім берушілер мен олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияға конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін жазу үшін пайдалануға ниет етіп отырған аудио және бейне жазбаның техникалық құралдары туралы хабардар етуге тиіс.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған әлеуетті өнім берушілердің және оның уәкілетті өкілдерінің мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілінің, конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия хатшысының қызметіне араласуына жол берілмейді.

15. Конкурстық комиссияның төрағасы қатысушыларға конкурстық комиссияның құрамы, белгіленген мерзімде конкурсқа қатысуға өтінімді ұсынған әлеуетті өнім берушілердің саны туралы хабарлайды.

16. Комиссия хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімді ұсынған тұлғаларды тіркеу журналына енгізілген мәліметтерді жариялайды және әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерібар конверттерін ашады.

17. Конкурсты ұйымдастырушының хабарландыруында белгіленген мерзімде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтінімдерібар конверттер ашылуға жатады.

18. Конверттерді ашу хаттамасы Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ресімделеді, оған конкурстық комиссияның мүшелері әрбір парағына және соңына қолын қояды және әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері бар конверттер ашылған күннен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірмей интернет-ресурста орналастырылады.

 

6. Конкурстық өтінімдерді қарау

19. Комиссия өтінімдер бар конверттер ашылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде конкурсқа қатысуға рұқсат беру үшін өтінімді толықтығы және конкурстық құжаттамаға сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

20. Конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынған, конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтінәлеуетті өнім берушілер конкурсқа жіберілмейді.

21. Конкурстық комиссия конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және оларды конкурсқа қатысушылар ретінде таниды.

22. Отырыс конкурсқа рұқсат беру туралы хаттамамен ресімделеді, оның әрбір парағына және соңына конкурстық комиссияның барлық мүшелері қолын қояды.

23. Комиссия Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының4-қосымшасына сәйкес өзінің шешімін конкурсқа рұқсат беру хаттамасымен ресімдейді.

Қол қойылған конкурсқа рұқсат беру хаттамасы комиссия отырысы өткен күннен бастап күнтізбелік екі күннен кешіктірмей интернет-ресурста орналастырылады.

24. Конкурсты ұйымдастырушы неғұрлым сапалы көрсетілетін қызметті ұсынатын конкурс жеңімпазын айқындау үшін өнім берушіні таңдау критерийлерінкөздейді.

25. Комиссия конкурсқа қатысуға рұқсат беру хаттамасы жарияланған сәттен бастап күнтізбелік екі күн ішінде осы конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сай өлшемдерге сәйкес жеңімпазды айқындау үшін рұқсат берілген әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін бағалайды және салыстырып тексереді.

26. Конкурстық комиссияның өтінімді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендіруге байланысты әрекетіне жол берілмейді.

Өтінімді сәйкестендіру деп конкурстық комиссияның өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, құжаттарды алмастыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды дұрыстауға бағытталған әрекеті түсініледі.

27. Егер неғұрлым үздік сипаттамалары бар көрсетілетін қызмет ұсынылған жағдайда, әлеуетті өнім берушінің техникалық тапсырмасының конкурстық құжаттамада көрсетілген техникалық тапсырмаға сәйкес болмауына жол беріледі.

28. Барынша көп балл жинаған және басқа әлеуетті жеткізушілермен салыстырғанда міндеттемелерді ең үздік орындау шарттарын ұсынған әлеуетті өнім беруші конкурс жеңімпазы болып танылады.

Егер конкурста конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес өтінімді ұсынған және Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларының талаптарына сәйкес келетін бір әлеуетті өнім беруші қатысқан жағдайда, ол конкурс жеңімпазы болып танылады.

29. Конкурстық комиссияның төрағасы, ол болмаған жағдайда төраға орынбасары конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған тұлғаларға конкурс нәтижелері мен жеңімпазын жариялайды.

30. Конкурс қорытындылары туралы хаттама Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдауқағидаларының 5-қосымшасынасәйкесресімделеді, оған комиссияның мүшелері әрбір парағына және соңына қолын қояды.

31. Конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде конкурсты ұйымдастырушы конкурс қорытындылары туралы хаттаманы интернет-ресурста орналастырады.

32. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ол конкурс жеңімпазы ретінде айқындалған жағдайда шарт жасасудың және шартты орындаудың қамтамасыз етуін енгізудің кепілі ретінде енгізеді.

33. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді конкурсқа бөлінген соманың бір пайызы көлемінде енгізеді.

34. Әлеуетті өнім беруші осы конкурстық құжаттамаға 7-қосымшаға сәйкес банктік кепілдік немесе кепілдік берілген ақша жарнасы түрінде конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізеді, ол конкурсты ұйымдастырушының банк шотынаенгізеді.

35. Өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі–конкурсөтінімінің қолданылу мерзімінен кем емес.

36. Қамтамасыз етуі жоқ конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық комиссия кері қайтарады.

37. Әлеуетті өнім берушінің тұтастай алғанда, үшінші тұлғаларда неконкурсқа қатысуға өтінім мерзімінің аяқталуына дейін енгізілген кепілдік берілген ақша жарнасы бөлігінде талап ету құқығының туындауына әкелетін іс-қимылдарына жол берілмейді.

38. Конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай:

1) жеңімпаз деп айқындалған әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарған;

2) конкурстың жеңімпазы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгіленген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаған не уақтылы орындамағанжағдайларда қайтармайды.

39. Конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушігеөзі енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі басталған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде қайтарып береді:

1) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылуы. Көрсетілген жағдай конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілерге қолданылмайды;

2) конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылуы. Көрсетілген жағдай конкурс жеңімпазы болып айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;

3) шарттың күшіне енуі және конкурс жеңімпазының шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуі.

 

7. Мектепшілік сатып алу келісім шартының конкурсына байланысты қорытынды.

40. Конкурсытың жеңімпазы деп анықталған потенциалды жеткізуші, конкурстың қорытындысы веб порталда жарияланғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік сатып алу туралы келісім шартқа отырмас бұрын тапсырыс берушіге конкурсқа қатысуға берген құжаттардың түп нұсқасын немесе нотариальды бекітілген құжаттарды алып келуі тиіс.

41. Бес жұмыс күні ішінде электронды конкурстың қорытындысының хаттамасына қол қойғаннан кейін, тапсырыс беруші жеткізушіге ҚР «Мемлекеттік сатып алу» туралы Заңына сәйкес тауарларды мемлекеттік сатып алу, жұмыс, қызмет көрсету туралы келісім шарт жібереді.

42. Жеткізуші келісім шартқа қол қойғаннан кейін, он жұмыс күні ішінде келісімшартта жазылған келісімдерді орындауға тиіс.

43. Жеткізуші келісімшартта көрсетілген міндеттемелерді өз уақытында, толық, сапалы орындауына міндетті.

44. Тапсырыс беруші жеткізушіге келісімшарттың жалпы сомасының үш пайызын енгізуді міндеттейді.

45. Жеткізуші төмендегі көрсетілген ақшамен қамтамасыз етудің бір түрін таңдайды.

1) Конкурсты ұйымдастырушының ақшаны уақытша орындастыру, қолма қол ақшаны бақылау шотына ақша салу.

2) Конкурстық құжаттамаға банктік кепілдік нысанын енгізу.

46. Келісім шарт бойынша міндеттер толық жүзеге аспайынша, жеңілдік жарна жартылай немесе толық төленбейінше наразылық тудыратын әлеуметтік өнім беретін үшінші тұлғаның іске араласуына жол берілмейді.

47. Банктік кепілдік нысананы Заң бойынша қаралмаған мақсатқа қолдануға рұқсат бермейді.

48. Тапсырыс беруші жеткізушіге келісімшарттағы міндеттерін орндағаннан кейін бес жұмыс күні ішінде банктік кепілдеме нысанасын немесе қолма қол ақша бақылау шотындағы ақшаны қайтарып беруге міндетті.

Егер де жеткізуші келісімшарттағы міндеттемелерін орындамаса тапсырыс беруші бес жұмыс күні ішінде банктік кепілдеме нысанасын немесе қолма қол ақша бақылау шотындағы ақшаны тұрақсыздық төлем ретінде қайтарып беруге міндетті.

49. Тапсырыс беруші жеткізушіге егер де келісімшарттағы міндеттемелерді орындалмаған кезде, келісімшартты бұзып, келісім шарттағы қамтамасыз етуді бермеуге құқылы.

50. Заңның 37 бабының 6,7,8 тармағына сәйкес келісім шарт бір қаржы жылына жасалады.

51. Келісім шартта мына шарт талаптары болуы керек:мемлекеттік сатып алу өзгерістері.

52. Отандық тауар өндірушілерменкелісімжәне жұмыстың, қызметтің атқарылуын отандық жеткізушілерімен жүзеге асырауға алдын-ала төлемақы және толық төлемақы үшін тауардың жеткізілімінің, жұмыстың орындалуының әлде қызмет көрсетуді атқарудың келісім шарты керек, бұл ретте міндеттеме орындау айтылмыш келісім толық төлемақының мерзімі отыз күнтізбелік күнненаспауы керек.

53. Егер де жеткізуші Заң талабына сәйкес тапсырыс берушіге қол қойылған мемлкеттік сатып алу келісімшартын әкелмеген жағдайда немесе конкурстық құжаттамада қаралған келісімшарттың қамтамасыз етуін құймаған кезде жеткізуші келісімшарттан бас тартты деп табылады.

54. Мемлекеттік сатып алу туралы шартының келісімімен әлеуетті жеткізуші бас тартқанын мойындаған жағдайда, тапсырыс беруші:

1. электронды конкурсқа қатысқаны туралы өтінішті ұстап қалады және өкілетті органға сәйкесінше мәліметтерді ұсынады және мемлекеттік сатып алудың әлеуетті жеткізушіні жауапкершіліксіз қатысушы деп тануы туралы арызбен сотқа жүгінеді.

2. Қажет болған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шартын осындай әлеуетті жеткізушінің қажеттілігі туралы және арызбен және мемлекеттік салып алу туралы шарттың келісімімен бас тартқандығы себебінен келген шығынның орнын толтыру туралы арызбен сотқа жүгінеді.

 

 

 

                                  Конкурстық құжаттар:ktehspec.pdf [897,71 Kb] (cкачиваний: 24)
Посмотреть онлайн файл: ktehspec.pdf

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: