Алматы қаласы Білім басқармасының
«№119 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 249-05-77
Есепші бөлімі:
+7(727) 249-05-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ХАБАРЛАНДЫРУ
17
ноябрь
2025

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

«№119 мектеп-лицей» КММ-де педагогінің бос лауазымына тағайындау конкурсы өткізілетіні хабарланады:


  1. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – 1 орын
  2. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі– 1 орын 
  3. Мектеп психологы  - 1 орын 


Құжаттар электронды және қағаз түрінде (14.11.2025-12.12.2025 жж аралықта) қабылданады.

Міндетті құжаттар: 

  1. Жеке куәлік көшірмесі
  2. Диплом көшірмесі (қосымшамен бірге)
  3. Сотталмаған, нарко, псих, туп анықтамалар
  4. Біліктілік санаты 
  5. Педагог статусын алған туралы анықтама (біліктілік санаты болмаған жағдайда және  мамандық бойынша 2 жылдан аса үзіліс болған жағдайда)
  6. Еңбек кітапшасы 


Қосымша құжаттар (бар болған жағдайда)

  1. Магистр дипломы 
  2. Ұлттық біліктілік тесттен өткен туралы анықтама
  3. Курстық сертификаттар (Өрлеу, НЗМ)
  4. Алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныс хат
  5. Олимпиада диплом, грамоталары

Мекен жайы: 8 ықшам ауданы, №45 үй


 «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 Бұйрығы негізінде конкурстық комиссияға ұсынылатын құжаттар тізімі:


Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

       1) № 57 Бұйрығы   Қағидаларының 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

      10) №57 бұйрықтың 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

      Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

       

№57 бұйрықтың Қағидалардың 107-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.











Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации:

30 ноябрь 2023 ХАБАРЛАНДЫРУ
27 ноябрь 2023 ХАБАРЛАНДЫРУ
22 август 2023 Хабарландыру
21 август 2023 ХАБАРЛАНДЫРУ!