Құқық бұзушылықтың алдын алу » Школа №119 г.Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 249-05-77
Есепші бөлімі:
+7(727) 249-05-77
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құқық бұзушылықтың алдын алу
24
ноябрь
2021

Құқық бұзушылықтың алдын алу

2021 жылдың 24 қараша күні 9-11 сынып оқушыларына  мектеп инспекторы А.Х. Нұрғалиев  кездесу өткізді. Кездесу барысында мектеп инспекторы  қылмыстық жауапкершіліктің түрлерімен таныстырып, ұсақ құқық бұзушылық 434 бап, темекі шегу 441 бап бойынша, түнгі уақытта жүру 442 баптың 2 тармағы бойынша айтып өтті. Сонымен қатар Led экран арқылы құқық бұзушылық жайлы бейнематериал көрсетілді. Мектептің ішкі тәртібі,сабаққа кешікпеу туралы, әлеуметтік желілердің зияны, жолдағы қауіпсіздік, әлімжеттік күш көрсету, бопсалау, ұрлық, құқықбұзушылық, оның алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізе отырып, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыс жасау бүгінгі қоғамның күн тәртібінен түспейтін түйткілді мәселе екендігі туралы түсінік берді. 

Мақсаты: оқушылардың құқықтық білімдері және заң алдындағы жауапкершіліктерін арттыру,   жасөспірімдерді қылмыстық әрекететтерден бойларын аулақ ұстау.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: