11 февраль 2021 0 1 2 3 4 5 «Ұл тәрбиесі - ұлт тәрбиесі» тақырыбында жиналыс өтті 2021 жылдың 11 ақпан күні №119 мектеп – лицейінде құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алипбеков Қайрат Алипбековичтің ұйымдастыруымен «Ұл тәрбиесі - ұлт тәрбиесі» тақырыбында 9, 11 сыныптың ұлдары және ер мұғалімдердің қатысуымен жиналыс өткізілді. Жиналыста ер мұғалімдерге сөз беріліп, оқушылардың мектеп – лицей ережесін қатаң түрде сақтауы, оқушыларға ҰБТ – ға дайындықты күшейту керектігі, сабақтан себепсіз қалмауы, түнгі уақытта көшеде серуендемеуі, темекінің адам ағзасына зияндығы туралы ақыл кеңестерін айтты. Сонымен қатар оқушылар мұғалімдерге сұрақтарын қойып, сұрақтарына жауап алды. Осы беттің QR-коды:QR-код этой страницы: