Бос жұмыс орны » Школа №119 г.Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 249-05-77
Есепші бөлімі:
+7(727) 249-05-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бос жұмыс орны
31
июль
2024

Бос жұмыс орны

ХАБАРЛАНДЫРУ
«№119 мектеп-лицей» КММ-де педагогінің бос лауазымына тағайындау конкурсы өткізілетіні хабарланады: 
 
1. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – 1 орын2. Математика пәнінің мұғалімі– 2 орын 3. Бастауыш сынып мұғалімі – 5 орын 4. Тарих пән мұғалімі -1 орын 5. Мектеп психологы  - 1 орын 6. Логопед – 1 орын  
Құжаттар электронды және қағаз түрінде (31.07.2024-14.08.2024 аралықта) қабылданады.
Міндетті құжаттар: 
1. Жеке куәлік көшірмесі2. Диплом көшірмесі (қосымшамен бірге)3. Сотталмаған, нарко, псих, туп анықтамалар4. Біліктілік санаты 5. Педагог статусын алған туралы анықтама (біліктілік санаты болмаған жағдайда және  мамандық бойынша 2 жылдан аса үзіліс болған жағдайда)6. Еңбек кітапшасы  
Қосымша құжаттар (бар болған жағдайда): 
1. Магистр дипломы 2. Ұлттық біліктілік тесттен өткен туралы анықтама3. Курстық сертификаттар (Өрлеу, НЗМ)4. Алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныс хат5. Олимпиада диплом, грамоталарыМекен жайы: 8 ықшам ауданы, №45 үй
 
«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 Бұйрығы негізінде конкурстық комиссияға ұсынылатын құжаттар тізімі: 
 
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
     1) № 57 Бұйрығы   Қағидаларының 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
     2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
     3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
     4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
     5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
    6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
     7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
     8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
     9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
     10) №57 бұйрықтың 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
     Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
     
№57 бұйрықтың Қағидалардың 107-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.
 
 
 
 
 
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: