Шәкірт жетістігі - ұстаз мерейі. » Школа №119 г.Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 249-05-77
Есепші бөлімі:
+7(727) 249-05-77
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Шәкірт жетістігі - ұстаз мерейі.
24
декабрь
2018

Шәкірт жетістігі - ұстаз мерейі.

Дүниеде біреу үшін шын қуанатын жандар болса, солардың бірі де бірегейі, ол - ұстаз. Ұстаздар ғана әр шәкіртінің жеткен жетістігіне бар дүниесімен қуанып, талабын ұштауға жанын салып отырады. Осындай жағымды жаңалық біздің білім ордамызда да орын алды. АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ жанындағы "Қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірбиелік орталығы" ұйымдастырған  "Дене тәрбиессі және спорт бойынша оқушылардың зерттеу жұмыстарының қалалық конкурсында" Дене шынықтыру пәні мұғалімі Керимбекова Айгерім апайдың жетекшілігімен 9 "Б" сынып оқушысы Өмірбек Ернұр жүлделі III орынды жеңіп алды.  Жасалған еңбектің нәтижесінде оқушы да, жетешісі де марапатталды. Оқушыға III дәрежелі дипломмен кубок және бағалы ұялы телефон сыйға берілсе пән мұғаліміне "Дене шынықтыру пәнінің үздігі" деген төс белгімен марапатталды.  Шаршы топта шашасына шаң жұқтырмас жүйріктеріміз көп болсын. Жеңісті сәттердің жалғасы ұзамасын!!! 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: