«Бастауышым – балбұлағым, лаулап жансын шамшырағың » атты онкүндік » Школа №119 г.Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 249-05-77
Есепші бөлімі:
+7(727) 249-05-77
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Бастауышым – балбұлағым, лаулап жансын шамшырағың » атты онкүндік
20
ноябрь
2018

«Бастауышым – балбұлағым, лаулап жансын шамшырағың » атты онкүндік

Бастауыш білім беру пәндер кафедрасында 20.11-30.11.2018 жылы аралығында «Бастауышым – балбұлағым, лаулап жансын шамшырағың » атты онкүндік өтті .

Мақсаты: Оқушылардың   танымдық  қызығушылығы мен  шығармашылығын дамыту. 

«Бастауышым – балбұлағым, лаулап жансын шамшырағың» атты онкүндікті Абдуразакова К. А  4 «Ә» сынып  және бастауыш  сынып оқушыларының қатысуымен ашты. Сынып оқушылары әр пәнге байланысты өлең шуамақтарын оқыды. «Б» әріпіне байланысты «Баспалдақ» ойыны ойнатылып, берілген мақал – мәтелдердің жалғасын тауып, тақтаға ілді.  Оқушыларды қызықтыру мақсатында түрлі қызықты сұрақтар қойылды.

Онкүндікте  ашық сабақтар мен сыныптан тыс сайыс сабақтар өткізілді.

Рахметова Г. З.  4 «В» сыныбымен  дүниетану  пәнінен    «Жер асты сулары» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақта үй тапсырмасын «Тест тапсырмалары» арқылы тексерді. Суға байланысты тәжірибе жұмыстарын жасап, «Екі жақты күнделік» стратегиясын жүргізді. Сабақтың құрылымы жақсы, сабақ оқушыларға қызықты болды.

















Қанатбаева Б. К. 3 «А» сыныбымен қазақ тілі пәнінен «Сөйлем мүшелерінің байланысы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ  жаңартылған білім мазмұны бойынша өтілді. Сынып оқушылары топпен жұмыс жасап, бір – бірінің жұмысын «Екі тілек, бір ұсыныс» әдісі арқылы бағалады. Оқушылар бағалаудың шартты белгілеріне сәйкес өзін – өзі бағалап, жұмыстарын топта жариялай отырып дәлелдеді.  

















Сыныптан тыс іс-шараларда 4 сыныптар арасында «Тіл білгірі» сайыс сабағын Каймакова А. Б. өткізді. Сабақ Ғ.Мұстафиннің керемет бір сөзімен басталды. «Үш тұғырлы тіл» бағдарламасы негізіне сүйене отырып, әр кезеңде үш тілді бірден қамтып отырды. Бағалау балдық жүйе есебімен жүзеге асырылды.


















Байленова А. С.  2 сыныптар арасында «Табиғатпен біргеміз» атты тақырыпта өткізді. Сабақтың басы «Көңіл – күйім неге ұқсас?» тренингімен басталды. Оқушылар өздерінің көңіл – күйлерін табиғат құбылыстарына теңеп айтты. Сабақ 5 кезеңнен құралған. «Табиғатты аялайық» деген тақырыпта постер қорғады.

Курбанова А. Т. 2 «А» сынып оқушыларымен «Бәрін білгім келеді» тақырыбында сыныптан тыс сабақ өткізді. Сабақ өте жоғары деңгейде, әрі қызықты өтті. Оқушылар геометриялық фигуралардың көмегімен жануарлардың бейнесін құрастырды, жұмыртқаларды бояп, бір таяқшаны қозғалту арқылы дұрыс жауапты тапты және берілген 2 суреттен 10 айырмашылықты тапты.

Сонымен қатар Курбанова А. Т. 3 сыныптар арасында «Жаратылыстану туралы білеріңіз көп пе?» тақырыбында сайыс сабақ өткізді. Әр топ өздерін таныстырып өтті. Әр топқа жеке – жеке сұрақтар беріліп, пазлдар таратылды. Оқушылар пазл арқылы құрылған жануар туралы білетіндерін айтып өтті.   

Нұржанқызы А. 4 сыныптар арасында дүниетану пәнінен «Табиғат досың, аяла!» тақырыбында сайыс сабағын өткізді. Сабақ 4 кезеңнен құралған. Алғашқы кезеңінде әр топ өздерін таныстырып, ұрандарын айтты. «Полиглот» кезеңінде әр топқа 2 сұрақтан беріліп, жауабы 3 тілде алынды. Сұйық сабын, су, майдың көмегімен тәжірибе жасалды.

Кенжебек А. Е. 2 сыныптар арасында математика пәнінен «Білімділер бәйгесі» тақырыбында сайыс сабақ өтті. Сабақ М. Ломоносовтың «Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін – математика, сондықтан да оны оқу керек» деген сөзімен басталды. Топ ережесімен таныстырды, алфавиттегі әріптерден басталатын математикалық ұғымдардың атауын тауып жазды. Берілген үлгі мысалдарға қарап соңғы өрнектің мәнін тауып, видео – сұрақтарға жауап берді.

































Ерболатова Н. Е. 4 сыныптар арасында қазақ тілі пәні бойынша  «Тіл жүйрікте кім жүйрік?» тақырыбында сайыс сабақ өткізді. Оқушылар берілген сөздерге сұрақтар қойып, тиісті қалташаларға салды, «К» әрпіне анаграмма шешті. Барлық топқа «балқарағай» сөзі беріліп, осы сөздегі әріптерді пайдаланып сөз құрап, орны ауысқан сөздерден сөйлем құрап жазды. Әр топқа латын әліпбиі үлестіріліп берілді де, әр топ 2 сөзден латыншы жазды

Жанайбекова Р. А.  3 сыныптар арасында математика пәнінен «Тапқыр болсаң, талас жоқ» деген тақырыпта сайыс сабақ жүргізді. Сабақ 4 айналымнан тұрды, «Мен елімді сүйемін» тренингін жүргізу арқылы бастады. Оқушылар математикалық диктант жазып, ертегі есептер шығарды. Әр топқа 15 шырпыдан беріліп, 1 минутта ұзындық өлшемі метр сөзін жазды. Соңғы айналымда әр топқа арнайы сұрақтар қойылды.

Амирова А. Ж. 4 сыныптар арасында «Миллион кімге бұйырады?»  деген тақырыпта танымдық жарыс өткізді. Сайыс 3 кезеңнен, әр кезеңде 4 сұрақтан және екі жеңілдіктен: «Зал көмегі», «Мұғалімге қоңырау шалу» тұрды. Сайыс кезеңдерінде әр түрлі тапсырмалар болды: логикалық тапсырмалар, сөзжұмбақтар, сиқырлы шаршыны толтыру, т. б. Сабақтың құрылымы өте жақсы, оқушыларға қызықты болды. Танымдық жарыс сабағы жоғары деңгейде өтті.

Усенбаева М. С. 3 сыныптар арасында «Шығайық білім шыңына» деген тақырыпта жарыс сабақ өтті. Сабақ құрылымы 5 кезеңнен құралған, әр кезеңде бір пәнге байланысты сұрақтар қойылды. «Кім тапқыр?» кезеңінде әр топқа математика пәнінен 2 сұрақтан қойылды. «Тыңда да, ойлан!» кезеңінде дүниетану пәнінен шағын видеоролик көрсетіліп, сол видео бойынша сұрақтар қойылды. «Суретті сөйлет» кезеңінде оқушылар ребус шешті. «Сен білесің бе?» кезеңінде жаратылыстану пәнінен тәжірибе жасалды.

Жұмаділова Л. Ы. 2-3 сынып оқушыларының қатысуымен «Бастауышым –балбұлағым, лаулап жансын шамшырағың» атты он күндіктің жабылуын өткізді. Жабылуы хор «Бақытты баламыз» әнімен басталды. Оқушылар өлең жолдарын оқып шығып, көрермендер арасында «Сөз тапқанға қолқа жоқ», «Жоғалған әріптер» ойындарын ойнатты. 4 «Г» сынып оқушысы Шакуадин Каусар Әсем әнін орындап, апталықта өткен сыныптан тыс іс – шараларда «Жүзден жүйрік шыққан» оқушыларды марапаттау үшін сөз кезегі директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ақтолқын Қырғызбайқызына берілді.

















Ұсыныс

1.Онкүндікте жоспарланған іс - шараларды   жоғары деңгейде  өткізген  мұғалімдер А.Ж. Амированың, М.С. Усенбаеваның, А.Т. Курбанованың,       Б.К. Қанатбаеваның іс  - тәжірибелері  БАҚ құралдарына жариялансын. 

2.«Бастауышым – балбұлағым, лаулап жансын шамшырағың» атты онкүндікте өткізілген ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс – шаралар өте жақсы деп бағаланды.