16
ноябрь
2019
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында: «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу шынайы патриотизмнің маңызды көрінісі» деген. Осы тұжырымдаманың айғағы ретінде № 119 және № 116 мектеп оқушылары мен қала тұрғындарының салауатты өмір сүруіне ықпал етіп бізге заманауи талапқа сай стадион салып берген Әуезов ауданы әкімінің аппаратына алғысымыз шексіз!
16 қараша күні 8 ықшамаудан тұрғындары мен №116,119 мектеп оқушыларына ортақ стадионның ашылу рәсімі салтанатты түрде өтті.Аудан әкімінің орынбасары Дастан Қайратұлы қала тұрғындарын стадионның ашылуымен құттықтады.Екі мектептің ата-аналарының қатысуымен отбасылық «Әкем, шешем және мен» атты эстафеталық жарыс пен футбол ойынына ұласқан жарыс жалғасын тапты.