«Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында ерекше экосағаттар
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің бастамасымен «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында ерекше экосағаттар өтті. Экосағаттың басты мақсаты: Оқушылар арасында суды үнемді пайдалану мәдениетін қалыптастыру; Табиғатты қорғауға баулу; Экологиялық жауапкершілікті арттыру. Шара барысында лицей оқушылары су ресурстарының маңызы, суды үнемдеудің тиімді жолдары және қоршаған ортаны сақтаудың қажеттілігі туралы құнды ақпараттармен бөлісіп, өз ойларын ортаға салды. 🌍✨