Алматы қаласы Білім басқармасының
«№119 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 249-05-77
Есепші бөлімі:
+7(727) 249-05-77
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Көктемгі демалыс
26
март
2025
Көктемгі демалыс
Көктемгі демалыс уақытында 5-8 сынып оқушылары “Болмаған балалық шақ” фильміне барып қайтты. Фильмде балалардың досына оңай айналатын тұлға  Ақоштың тағдырымен танысып,  көптеген ой түйіп қайтты. Фильмде ата-ананы қадірлеу,  әулет арасындағы алауыздық,  жалпы өмірде кездесетін қиындықтың бәрін бір ғана айналаңа деген махаббатпен жеңуге болатындығын балалар түсінді.
Сенбілік-тазалық кепілі
23
март
2025
Сенбілік-тазалық кепілі
🌿Сенбілік-тазалық кепілі🌿 Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Осы міндетті орындау мақсатында мектебімізде жалпы мектепішілік сенбілік өтті. Сенбілікке 7-11 сыныптар мен ұстаздар белсене қатысты. Сыныптар өздеріне бөлініп берілген мектеп ауласын тазалады. Мектеп айналасындағы аумақ тұрмыстық қалдықтардан, жарпырақтардан тазартылып, үлкен жұмыс атқарылды. #тазақала
Қайырымдылық
20
март
2025
Қайырымдылық
5 ”В” сынып оқушылары   Нина Георгиевна ардагерiн мерекемен құттықтап қайтты. Оқушылар ардагерге жылы лебіздерін білдіріп, тәттілерін ұсынды. Сынып жетекшісі: Турганбаева Г.С
🎭 "Лицей ART119" мектепішілік театры ашылды!
27
февраль
2025
🎭 "Лицей ART119" мектепішілік театры ашылды!
🎭 "Лицей ART119" мектепішілік театры ашылды!  Бүгін біздің білім ордамызда ерекше әрі тарихи сәт — "Лицей ART119" атты мектепішілік театрдың ашылу салтанаты өтті! 🌟 Оқушыларымыздың шығармашылығы мен сахналық шеберлігін танытатын жаңа алаң өз жұмысын бастады. Алғашқы қойылым көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, үлкен әсер қалдырды. 🎬 ✨ Бұл – тек бастамасы! Алда қызықты қойылымдар мен жарқын эмоциялар күтеді. #МектепТеатры #Шығармашылық #ЖаңаБастама #ОқушыларТеатры #СахнаАртында
Дүниежүзілік сайлау күні
31
январь
2025
Дүниежүзілік сайлау күні
"Дүниежүзілік сайлау күнін" мерекелеу күніне орай № 119 мектеп-лицейі қалалық өзін-өзі басқарудың үздік сайлау жүйесі байқауының II кезеңіне қатысты https://youtu.be/T6tUhKBsFnY?si=GU4AcC2P_FLVrhEa
"Еркін дем ал" челленджі
23
декабрь
2024
"Еркін дем ал" челленджі
"Еркін дем ал" тақырыбында челлендж ұйымдастырылды. Мақсаты: Балалардың салауатты өмір салтына деген ұмтылысын қолдау, темекі шегудің зияны, оның ағзаға тигізетін зияны, адамның жалпы жағдайына , әл ауқатына және өмірлік белсенділігіне теріс әсер ету туралы хабарлық деңгейін арттыру.
Қауіпсіздік сабағы
20
декабрь
2024
Қауіпсіздік сабағы
№119 мектеп-лицейінде Қысқы демалыс кезіндегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  Сынып жетекшілері тарапынан да ата-аналарға қысқы демалыс кезінде балалардың көшеде және үйде қауіпсіздігін сақтауын ескертті( шаңғы, шананы көлік өтетін жерге қарай емес, конькимен арнайы орында).
"Үкілі домбыра" сайысы
13
декабрь
2024
"Үкілі домбыра" сайысы
13 желтоқсан күні ҚР Тәуелсіздік күніне орай 5-10 сынып оқушыларының қатысуымен "Үкілі домбыра" сайысы өтті.