№119 мектеп-лицейінде "Абайлаңыз, балалар!" акциясы аясында 1-4 сынып оқушыларымен "Жол белгілері мен олардың мақсаты" тақырыбында сынып сағаттары өтті.
Мектебіміздің 8 "В" сынып оқушысы Нүрпейісқызы Кәусар 1 орын алып, қалалық кезеңге жолдама алды. Құттықтаймыз! Еңдігі кезекте Әуезов ауданы атынан өнер көрсетпек. Сәттілік тілейміз!
Көктемгі демалысқа байланысты оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып, оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
2024 жылдың 11 наурыз күні мектебімізде "Қыз еркем-қылығымен көркем" атты қыз сыны байқауы өтті. Көкетем аруы атағына 8 "В" сынып оқушысы Нүсіпәлі Кәусар және 9 "Ә" сынып оқушысы Байтлеуова Жансая иеленді. Құттықтаймыз!!!
2024 жылдың 1 наурыз күні "Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубының оқушылары мектебіміздің тазалығын қамтамасыз етіп жүрген қызметкерлерге алғыс айтып, тәттілер ұсынды.
2024 жылдың 27 ақпан күні "Өзін-өзі" басқару ұйымының ұйымдастыруымен 6-7 сынып оқушыларын төсбелгі табыстап, "Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубына салтанатты қабылдау рәсімі өтті.
Бастауыш сынып оқушыларына «Дұрыс тамақтану – денсаулық негізі » атты іс-шара ұйымдастырылды. Сабақ барысында оқушылар адам ағзасына пайдалы және зиянды тағамдарды ажыратып,дұрыс тамақтану бойынша ойындар ойнатылды. Сабақ қызықты және көңілді өтті.