"Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының ұйымдастыруымен өткен ғылыми жоба қорытындысы » Школа №119 г.Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 249-05-77
Есепші бөлімі:
+7(727) 249-05-77
Нашар көрушілер
нұсқасы
» "Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының ұйымдастыруымен өткен ғылыми жоба қорытындысы
18
март
2019

"Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының ұйымдастыруымен өткен ғылыми жоба қорытындысы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы жыл сайын жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсын өткізді Биылғы жылы Конкурс Алматы қаласындағы «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының базасында 13 -16 ақпан аралығында өтті.

Аталған зияткерлік сайыстар оқушылардың ғылым негіздеріне қызығушылығын дамыту, жоғары сынып оқушыларын ғылым мен техниканың әр түрлі салаларында шығармашылық қызметке тарту мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының қамқорлығымен өткізіледі. Конкурстың қазылар алқасының құрамына әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан-Британ Техникалық университеті, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті және т.б. жетекші отандық жоғары оқу орындарының ғалым-педагогтары кірді.

Республикалық ғылыми жобалар конкурсы – «Қазақстан – 2050» стратегиясындағы Қазақстан дамуының экономикалық және әлеуметтік-мәдени модельдері» тақырыбындағы оқушылардың ғылыми зерттеулер конкурсы. Конкурс төрт бағыт бойынша өткізіледі:«Ғылыми-техникалық прогресс – экономикалық өсудің негізгі буыны», «Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу», «Таза табиғи орта – Қазақстан - 2050 стратегиясын іске асырудың негізі», «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат бағдарлары».

Осы конкурсқа біздің мектебімізден 3 оқушы қатысып,бәрі жүлдемен оралды.Олар:11 сынып оқушысы  Сарсенбаева А.

Секция: «Адам денсаулығы және қоршаған ортаны қорғау» 

Жүлделі ІІІ орын.

Жетекшісі Ж.К.Тусупова


 
























































Секия: «Биология» 10 сынып оқушысы Балтабай Т.

 Жүлделі ІІІ орын.

Жетекшісі: М.Әбдірейім

























































9 сынып оқушылары Муратова С., Тиреуова А.,Тиреуова Ж.                           

Жүлделі ІІІ орын.

Жетекшісі: С.М.Тиреуова, С. Иманова


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: