«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы оқыту үдерісін ұйымдастыру жолдары » » Школа №119 г.Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 249-05-77
Есепші бөлімі:
+7(727) 249-05-77
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы оқыту үдерісін ұйымдастыру жолдары »
02
ноябрь
2018

«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы оқыту үдерісін ұйымдастыру жолдары »

«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы оқыту үдерісін ұйымдастыру жолдары»

Жаңартылған білім – болашақтың кепілі.  Осыған орай 02 қараша 2018жылы № 119 мектеп-лицейде «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы оқыту үдерісін ұйымдастыру жолдары» тақырыбында аудандықсеминар болып өтті.Семинардың мақсаты: Интербелсенді оқыту әдіс-тәсілдерімен іс-тәжірибе алмасу. Семинар білікті  басшы  Сауле Маратқызы  бастаған  мектеп-лицей    ұжымының бастамасымен өткізілді

  Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Мұхаметжанова Жазира Сайлаубековна және бастауыш сынып мұғалімі Абдуразакова Камила " Lessоn Study   жүргізу, түсінік беру" тақырыбында коучинг өткізіп, өзінің мұғалімдік саласындағы шеберлігін аудан ұстаздарымен бөлісті. Директордың оқу-ісі жөніндегі Райымкулова Ақтолқын және Байленова Айгүл "Критериалды бағалау" тақырыбында мастер класс өткізді. Аудан ұстаздары аталған семинарға белсене қатысып, өз үлестерін қосты.

Семинардың нәтижесінде «Сабақты зерттеу» тәсілдері  одан әрі іске асырудың тиімді жолдарын айқындау мен оқыту тәжірибесін жетілдіру құралы ретінде қатысушылардың өзара тәжірибе алмасуына көмектесті.






















































































































Жоғарғы дәрежеде  ұйымдастырылған  семинардың  бергені мен көпшіліктің көңіліне қуаныш сыйлағаны анық. Қашанда жаңалықтың жаршысы, жақсы істердің бастауышы бола білген №119 мектеп-лицей ұжымының алар асу алда.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: