"Мәңгілік елдің кемеңгері – Ұстаз" » Школа №119 г.Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 249-05-77
Есепші бөлімі:
+7(727) 249-05-77
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Мәңгілік елдің кемеңгері – Ұстаз"
30
апрель
2020

"Мәңгілік елдің кемеңгері – Ұстаз"

                                                                                                          Алматы қаласы

                                                                                 Әуезов ауданы 

                                                                                       №119 мектеп-лицей

                                                                                            Тарих пәнінің мұғалімі:

                                                                             Омарова А.Е.

Мәңгілік елдің кемеңгері – Ұстаз.

    «Мұғалімдік  мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты , шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады» - деп орыстың ұлы ғалымы В.А.Сухомлинский арқау еткен ұстаздық – ұлы құрмет... «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» демекші адамзат баласының зердесіне білімнің ірге тасын берік қалап, тәлім мен тәрбиесін, білім мен жан тазалығын сыйлайтын да адами құндылықтармен сусындатып қиын өмір белестеріне аттандыратын да осы ұстаздар қауымы.

    Өскелең жас ұрпаққа қоғам  талабына сай тәрбие мен білім беру үшін мұғалімдер ғылыми – педагогикалық  іс – әрекет негіздерін меңгеруі шартты нәрсе. Себебі, ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттар ағыны күшейген ХХІ ғасырда жеке тұлғаны қалыптастыру ұстаздың басты міндеті болып табылады.

   Оқушыға жаңа білімді тиімді ақпараттық дүниемен қарым – қатынас жасау арқылы оңай меңгерту әдістерін дамытуға болады.  Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелген міндет ауыр» - деген еді. Ұстаз атын жамылып жүрген әрқайсымыз осы сөзге сай болуымыз керек. Қазіргі уақытта елімізде әлемдік білім кеңістігіне бағыт алған жаңа білім жүйесі қалыптасуда. Сол кеңістікті қалыптастыруда менің қосатын үлесім көп екені сөзсіз. Осыған орай, сабақ құрылымының тиімді жолдарымен бөлісуді жөн көрдім.

   ҚМЖ-ны құруда бірінші кезекте тапсырма сабақ тақырыбына емес, оқу мақсатына сәйкес берілетінін айқындадым. Сабаққа қойылатын талаптарды оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары, оқу мақсаттарына сабақ мақсаты,бағалау критерийлері, тапсырмалар,дискрипторларды құрастыруды жүйеледім.

ҚМЖ-ны құрастыруда мен үшін ең ұтымды жері қызықтыра білу, проблемалық сұрақтарды дұрыс қою. Сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құрылымына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіледі. Оқушылардың мүмкіндіктеріне қарай сұрақтарды саралауға болады. Сұрақ  қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу, қайта бағыттау сияқты техникаларын қолданған орынды.

  «Таным – таң қалудан басталады» деген оймен толық келісемін. Демек,тапсырманы қызықты құрастыру сабақтың мақсатына жетудің бірден -бір жолы деп білемін. Сабақта көпірше ретінде quizizz.com,  kahoot  платформасын қолдану сабақты қызықты өтудің негізгі кілттерінің бірі болып табылады.   Мұғалімнің шеберлігімен және жаңа ақпараттық технология элементтерімен дәстүрлі әдістерді сабақтастыра жүргізген уақытта ғана сол сабақ өз шыңына жететіндігіне сенімдімін.Қорыта келгенде, «Қыран түлегіне қайырылмас қанат сыйлайды,ұстаз түлегіне алға бастар талап сыйлайды» - деген қасиетті қағиданы жүрегіміздің түпкірінде ұстағанымыз жөн. 

.



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: