БІЗДІҢ КҮШІМІЗ-БІРЛІКТЕ! » Школа №119 г.Алматы
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 249-05-77
Есепші бөлімі:
+7(727) 249-05-77
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » БІЗДІҢ КҮШІМІЗ-БІРЛІКТЕ!
10
январь
2022

БІЗДІҢ КҮШІМІЗ-БІРЛІКТЕ!

Менің Қазақстаным менің отаным! 
Еліміз үшін жаңа жыл өте қиын, ауыр жағдаймен басталды. Осындай ауыр жағдай елімізге күшімізді біріктіру және мемлекет басшысын Қасым-Жомар Кемелұлы Тоқаевқа қолдау көрсету аса маңызды болып табылады. 
 Елімізде жер-жаһанға зор қауіп төндірген террористерге қарсы күрес әлі де жалғасуда. Мемлекет басшысы азаматтардың өмірін және денсаулығын қорғау үшін бар күш-жігерімізді біріктіруде. Осындай сын сағатта ынтымағы жарасқан халқымыз жұдырықтай жұмылуды талап етіп өте дұрыс шешімдерді қабылдап отырғанына көзіміз жетті.
 1. Елімізде тыныштық орнату барысынды террористерге қарсы штабты өзі басқарғаны дұрыс шешімдердің бірі, себебі мықты қолбасшы арқылы ғана дұрыс шешімдерді қабылдауға болады.
2. Қауіпсіздік алқасы жөніндегі Шартқа сүйене отырып, ҰҚШҰ мемлекеттерінің басшыларына осы террористік қауіпті еңсеру үшін Қазақстанға көмек көрсетуді сұрағаны өте дұрыс шешімдердің бірі деп білеміз. Себебі: ҰҚШҰ мемлекеттерінің сарбаздары елімізге, халқымызға, сарбаздарымызға үлкен рух пен күш жігер бере білді.
3. Елімізде 5-19 қаңтар аралығында Төтенше жағдай орнатқаны халқымыз үшін дұрыс шешім. Себебі: Мемлекеттің қайнар көзі халық болып табылады, ал осындай жағдайда халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты міндеттердің бірі. Төтенше жағдай арқылы террористермен ашық күрес орнатуға болатынына көзіміз жетті. 
4. Елімізде зардап шеккен нысандарды қалпына келтіру бойынша мемлекет тарапынан көмек берілетіні бәрімізді қуантады.
       - Сондықтан, осындай алағай да бұлағай шақта, еліміз үшін тарихи сын сағатта біз заңды түрде сайланған, барлық құзыретті қолына алған Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қасынаа топтасып, бірлесе қимылдап, елдегі жағдайды тұрақтандыруға тиіспіз. Мемлекет басшысы қазіргі заманның батыры!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: